2028 жылы Астанада дүниежүзілік WPC Energy конгрессі өтеді

2028 жылы Астанада дүниежүзілік WPC Energy конгрессі өтеді

2028 жылы Астанада Дүниежүзілік WPC Energy конгрессі өтеді. Оған әлемдік мұнай өндірушілер мен тұтынушылардың 96 пайызы мүше. KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің 44-ші отырысында халықаралық шараға дайындық барысы мен әлемдік нарық тенденцияларына сай Қазақстанның қазба байлық қорын тиімді жоспарлау талқыланды. Келер жылдың сәуір айында Эр-Риядтағы WPC Energy конгрессінде көміртегі қалдығын азайту мәселесі ортаға салынса, Астанадағы конгрессте энергетиканы дамытудың жаңа бағдары талқыланады. Әлемде жасанды интеллект қолданысының кең таралуы есептеу қуаттарына қажетті энергияға сұранысты артып, мұнай өндіру көлемі жылына 100 млн баррельге жуықтаған. Сарапшылар сұраныстың артуы энергия көздеріне қатысты жаһандық ұстанымды қайта қарау қажеттілігін тудырғанын айтады.

Жамболат Сарсенов, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының oрынбасары:

- 2026 жылы Сауд Араб елінде өтеді. Содан кейін 2028 жылы Астанада өтетін болып отыр. Бұл енді әрине өндірістің ең үлкен кездесуі. Ғылымдардың бәрі бірлесіп, практиктардың бәрі. 100 министр қатысады деп отырмыз ғой. технология, оны бүгін ойламаса ертең қалып қоямыз. Соған қатысып, көріп зерттеу керек әрине.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?