Astana Mining & Metallurgy 2026 Конгресіне 16 елдің делегаттары қатысуда

Astana Mining & Metallurgy 2026 Конгресіне 16 елдің делегаттары қатысуда

Тау-кен металлургия кешені Қазақстанның өнеркәсіп саласының негізгі драйверлерінің бірі болып қала бермек. Ел кен орындарын игерумен қатар, сондай-ақ қосылған құны жоғары заманауи өндіріс ошақтарын құруға ниетті. Саланың даму әлеуеті елордада өткен Astana Mining & Metallurgy халықаралық конгресінде талқыланды, жиынға Бельгия, Ұлыбритания, Еуроодақ, Канада, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ және Оңтүстік Корея сынды 16 елден бір жарым мың делегат жиылды. Мемлекеттік органдар, бизнес және әлемнің жетекші компанияларының өкілдері шикізатты терең өңдеу жөніндегі жобаларды дамыту, жоғары технологиялық салаларға бағытталған кен өндіру, сондай-ақ өнеркәсіпке сандық және AI-шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады. Қазақстан Премьер-Министрі атап өткендей, аса маңызды минералдарды игеру, жаңа металлургиялық өндірістерді дамыту және стратегиялық инвесторларды тарту басым бағыттар ретінде қарастырылады. Олжас Бектеновтың айтуынша, мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан инвестициялық ахуалын дәйекті түрде нығайтып, инфрақұрылымды дамытады, әрі қосылған құны жоғары өнім шығарушығаруға қажеттіжағдай жасайды. Елімізде геологиялық барлауға да ерекше көңіл бөлінген. Алдағы 2 жылда оған 470 млн доллар бағытталады. Ел аумағын егжей-тегжейлі геологиялық картаға түсіру қолға алынды, оның қорытындысы бойынша жер қойнауын зерттеу алаңы 2 млн шаршы шақырымнан асады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Еліміздің жаңа Конституциясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған бағыттың институционалдық негіздерін бекітеді. Ол меншік құқығы мен инвестицияларды қорғау кепілдіктерін күшейтеді, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтады және елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін берік негіз қалыптастырады. Тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту үшін бұл ерекше мәнге ие. Жер қойнауын пайдалану, металлургия және терең өңдеу саласындағы ірі жобаларды іске асыру едәуір инвестицияларды талап етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?