Сенат Төрағасы Президент реформаларының төңірегіне топтасуға шақырды

Сенат Төрағасы Президент реформаларының төңірегіне топтасуға шақырды

1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енеді. Бүгін Сенат Төрағасы Маулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысында осылай деп мәлімдеді. Спикердің айтуынша, бұл тарихи кезең Әділетті Қазақстанды құруға жол ашады. Осы ретте ол барша отандастарымызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының айналасына бірігуге үндеді.

Мәулен Әшімбаев – Қр Парламенті Сенатының Төрағасы:

-  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды жаңғыртулар жүзеге асырылуда. Соның аясында жаңа Конституциямыз қабылданып, Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Басты мақсат – Тәуелсіздігімізді нығайту, мемлекеттілігімізді күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Көздеген мақсатқа жету үшін реформалардың жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл жолда ұлт болып ұйысып, елдік пен ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсету айрықша мәнге ие.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?