Мемлекет басшысы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Қазақстан Президенті Ресей Сыртқы істер министрін қабылдады. Сергей Лавров елімізге ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін келді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-ресей қарым-қатынастарының стратегиялық әріптестік пен одақтастық негізінде дамып келе жатқанын айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық- өнеркәсіптік, ынтымақтастық мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, барлық келісімдердің стратегиялық маңызы жоғары, әрі екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға бағытталған. Тараптар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, көпжақты формат пен интеграциялық бірлестіктердегі іс-қимылды талқылады.