Қазақстанда су тапшылығы болмайды. Бұл туралы бейінді министрлік хабарлайды. Келер жылы республикаға Орталық Азия елдерінен 11 млрд текше метрге жуық су жеткізіледі. Тиісті уағдаластыққа Ашхабадта өткен Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 87-ші отырысында қол жеткізілді.
Ерболат
Пернехан, Орталық Азия бойынша су ынтымақтастығы басқармасының бас сарапшысы:
- 1 сәуірге дейін еліміздегі Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа отырысқа қатысушылар Сырдария және Амудария өзендері бассейндеріндегі су қоймаларының болжамды жұмыс кестесін бекітті, сонымен қатар 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне Орталық Азия елдеріне су беру көлемін айқындады.
Әсел Күшенғалиева