Қазақстан шетелдік азаматтар үшін іскерлік визалар ұсынады. Жалпы білікті, үздік мамандар мен инвесторлар үшін визаның үш түрі шығарылады. Елдің салалық министрлігінің мәліметінше, диджитал номад визасы IT саласындағы мамандарға беріледі. Сондай-ақ, тұрақты В-9 виза түрі бар. Оны медицина мен ғылым-білім және шығармашылық саладағы шетелдіктер рәсімдей алады. Ал, Нео Номад визасы қашықтан жұмыс істейтін мамандарға арналған.
Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
- Өткен жылдың аяғында қосылды, қарашаның 18 күні. Бүгінге дейін 7 адам сол
визаны алды. Програмистер ғана емес, ол контент- креатор, юристер, сосын
есепшілер кеңесшілер өз жұмыстарын қашықтықтан жүргізе алатын адамдар сол
визаны ала алады. Қазақстанның бай мәдениетін, ұлттық парктері мен түрлі
туристік өнімдерін көріп бір жылға дейін қалуға мүмкіндік бар.

