Ақтөбеде жастарға арналған коворкинг орталығы ашылды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай іске қосылды. Жаңа ғимаратта 17 этномәдени бірлестік орналасқан. Мұнда түрлі кездесулер ұйымдастырылады. Қатысушылар әртүрлі этностардың тілдерін меңгеріп, халық өнерін үйренуге мүмкіндік алады. Бірлескен жұмыс пен демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Орталық заманауи техникамен, қажетті жабдықтармен, шахмат тақтасымен және музыкалық аспаптармен жабдықталған. Өңір жастары ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тың ойларын талқылап, оларды жүзеге асыру үшін енді осы жерде жиі жиналмақ.
Данил Цой, Облыстық немістер қоғамы төрағасының орынбасары:
- Коворкинг – бұл жастардың бас қосып, тренингтер, семинарлар өткізіп, тіпті бейресми жиындарда шай ішіп, еркін пікір алмасатын алаң. Алдағы айларда көшбасшылық пен команда құруға арналған тренингтер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

