Сенат төрағасы көшпенділер ойындарына қатысып жатқан отандық спортшылармен кездесті

Сенат төрағасы көшпенділер ойындарына қатысып жатқан отандық спортшылармен кездесті

Сенат төрағасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен кездесті. Мәулен Әшімбаев  жамбы ату сайысының финалдық кезеңіне шыққан отандастарымызға қолдау білдірді. Палата Спикері өз сөзінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спортты және тарихи мұраны дәріптеуде айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Мәулен Әшімбаев Қазақ елінде өтіп жатқан көшпенділер ойындарының ұйымдастырылу деңгейі, қатысушы елдердің саны және сайыс аясындағы мәдени бағдарламалардың ауқымы жағынан ерекше екеніне тоқталды. Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен келген 2800 спортшы қатысып жатыр.