Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

Қазақ күресі әлем назарында. Қазақстан алғаш рет осы спорт түрінен әскери қызметшілер арасында әлем чемпионатын өткізуде. Әлемнің 30 мемлекетінен келген 250-ден астам спортшы Астанада жиналды. Бұл қазақтың ұлттық күресіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және тек Орталық Азияда емес, әлемде таныла бастағанын көрсетеді. Байрақты бәсекеде Қарулы Күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің және басқа да әскери құралымдардың мықты балуандары еліміздің намысын қорғайды. Жарыс 16 салмақ дәрежесінде - ерлер мен әйелдер арасында өтеді.

Бразилия елінің өкілі:

- Мен осы жарыста шеберлігімді арттырып, жоғары деңгейге дейін жетілдіргім келеді. Қазақ күресі – мен үшін әлемдегі екінші сүйікті спорт түрі, маған ол өте ұнайды.

Тәжікстан елінің өкілі:

- Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Жүлдері орындар алып, жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Қазақ күресіне жақсы дайындықпен келдік. Жақсы нәтижелер көрсетеміз деп үміттенемін.

Ұйымдастырушылар әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресі бойынша алғашқы әлем чемпионатының табысты өтуі тарихи маңызды оқиға болатынына сенімді. Халықаралық әскери спорт кеңесі қазақ ұлттық күресін әлемдік армиялық турнирлердің жыл сайынғы бағдарламасына, сондай-ақ 2027 жылы АҚШ-та өтетін Дүниежүзілік әскери ойындарға қосу мүмкіндігін қарастыруда. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?