Атыраулық спортшылар Көшпенділер ойындарына дайындалуда

Атыраулық спортшылар Көшпенділер ойындарына дайындалуда

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына санаулы күндер қалды. Елорда төрінде өтетін дүбірлі додада атыраулық 3 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында қырғыз күресінің шебері Нұржан Сәрсенғалиев пен белгілі құсбегі Арман Қошқаров та бар. Ал садақ атудан ел намысын Марат Бексұлтанұлы қорғамақ. Талай сайыстарда топ жарған сұрмерген бұл жолы да жеңістен үмітті. Десе де, бұл жолғы бәсекенің жөні бөлек, дейді ол. Оның негізгі қарсыластары Мажарстан, Индонезия, Түркия, Қырғызстан мен ресейлік кіл мықтылар. Садақ ату тек білек күші мен қырағы көз ғана емес, сабырлықты да қажет етеді.

Марат Бексұлтанұлы, садақшы:

– Біздің дәстүрлі садақ ату бойынша концентрацияның үлесі өте көп. Яғни, түгелдейімен техника мен физикадан бөлек, концентрациядан тұрады. Жобамен айтқанда 50-60, тіпті 70% концентрациядан тұрады. Концентрация кезінде ой жинақтауыңыз дұрыс болмаса, жүректе бір қалыптылық болмаса, ол өнімділігін көрестпейді.