Сенат Халықаралық банктен қарыз алу туралы заңды қабылдады

Сенат Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз алу туралы заңды қабылдады. 2 шілдедегі ел Президентің Жарлығына сәйкес, аталмыш қаржы институтынан 345 миллион еуро көлемінде несие алу туралы келісімге  24 тамызда қол қойылған болатын. Елдің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтің айтуынша, бұл сома толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Министрдің дерегінше, биыл  ол жалпы ішкі өнімнің 3,3%  немесе үш триллион теңгені құрады. Қабылданған заң үкіметке елімізде көзделген әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР қаржы министрі:

Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11 жарым жылға беріледі. Оның ішінде 2 жарым жылға жеңілдік мерзімі көзделген. Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25% құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.