Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға бұдан былай заңнамалық деңгейде тыйым салынады. Мәжіліс депутаттары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді төменгі палата депутаты Александр Милютиннің айтуынша, қазір 16 жасқа толмаған балаларға ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады. Сонымен қатар үй жануарлары иелеріне де қатаң талап қойылды. Бұл тиісті санитарлық нормалардың сақталуына да әсер етеді.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жануарларды күтіп-баптау ережелерін әзірлей алады, ал қаңғыбас жануарларды вакциналау және стерильдеу қағидаларын әзірлеу тиісті Заңға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар Александр Милютин жаңа ережелерді қарастыру кезінде жануарлар құқығын қорғаушылардың ұсыныстары да ескерілгенін айтты. Осылайша, елде жақын арада жылжымалы жануарлар көрмелерінің, дельфинарийлердің, океанариумдардың және контактілі зоопарктердің қызметіне тыйым салынады.
Александр Милютин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл ережеде аталған ұйымдардың иелеріне олардың бизнесін жүргізу немесе қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізуге уақыт беру үшін кешіктірілген мерзім болады. Сондай-ақ депутаттар ұлттық спорт түрлеріне қатысу үшін жануарларды пайдалану Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңына сәйкес жүзеге асырылатыны туралы нақтылау нормаларын енгізді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева