Елордалық ХҚКО-да құжаттарды рәсімдейтін арнайы терминалдар іске қосылды

Елордалық ХҚКО-да құжаттарды рәсімдейтін арнайы терминалдар іске қосылды

Енді кез-келген ел азаматы осы құрылғылардың көмегімен бұл қызмет үшін ешкімге жүгінбей-ақ өзі тапсырыс бере алады. Арнайы жабдықталған терминалдар құжатты санаулы минуттардың ішінде басып шығарады.

Қуандық Жайлашев, жоба жетекшісі:

- Бұрын клиенттерге жеке куәлік пен төлқұжатқа тапсырыс беру үшін 30 минут қажет болатын. Алдымен оны фотограф бөлек түсіріп, кейін касса арқылы мемлекеттік баж салығын төлеп, көші-қон қызметінің қызметкері арқылы өтініш толтырған. Құжаттама терминалы арқылы қызметтерге тапсырыс беру үшін клиентке бар болғаны 10 минут қажет. Клиент алдымен өзінің барлық деректерін енгізеді, содан кейін суретке түсіреді, офтографиядан кейін қолын қояды, екінші деңгейлі банктердің QR коды арқылы мемлекеттік баж салығын төлейді. Өтінішті толтырғаннан кейін көші-қон қызметінің қызметкеріне барып, осы өтінішті рәсімдейді. Бұл жобаның бірегейлігі – клиент қызметке өз бетінше тапсырыс беріп, өзіне ұнаған фотосуретін таңдай алады.

Қазір мұнда осындай 4 терминал орнатылған. Алдағы уақытта жобаны жалпы ел аумағында ендіру жоспарланып отыр.