Шымкентте көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Шымкентте көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Қазақстанда көгалдандыру науқаны жалғасып келеді. Шымкентте қыс мезгіліне қарамастан қылқан жапырақты ағаштар отырғызылуда. Экологтардың айтуынша, төменгі температурада шырша, қарағай, майқарағай егуге болады. Бүгінде қалада мың көшет отырғызылды, оның жартысы дендропаркте өсірілген. Жыл соңына дейін қаланы тағы бес жүз ағашпен көгалдандыру көзделіп отыр. Бұл игі іске жүзден астам адам қатысып, міндеттерін өзара бөлісті. Кейбіреулері болашақ аллеялар үшін лайықты орындарды, ал қалғаны көшеттердің басқа да түрлерін іздеуге кірісті.


Али Водолацкий, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Біз жастар, белсенділер мен экоактивистер осындай бастаманы қолға алып, игі істі жалғастырдық. Осылайша, саябақтарды дамытып, қаланы көгалдандыру үшін шаһар тұрғындарын бір идеяның айналасына біріктірдік. Жобаға қатысушылардың барлығы балаларымен келіп, өз отбасылары мен қала тұрғындары үшін үлгі болғысы келеді.


Руслан Гадельшин, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Мен де жобаға қосылуды ұйғардым. Өйткені қала тұрғыны ретінде: біздің басты міндетіміз - табиғатты аялау. Дендропаркті одан әрі дамыту керек. Сондықтан біз оны басты мақсатта ұстауымыз керек.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?