Сенат электрондық сауданы реттеуге бағытталған заңды мақұлдады

Сенат электрондық сауданы реттеуге бағытталған заңды мақұлдады

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасындағы электрондық сауда жеңілдей түседі. Ел Сенаты интернет-алаңдарда сатып алынған тауарлардың шекарадан өту тәртібін айқындайтын заңды мақұлдады. Құжат өзара онлайн сауданы реттеу үшін құқықтық база құруға, кедендік әкімшілендіру үрдісін оңтайландыруға және тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды күшейтуге жол ашады. Сондай-ақ, кедендік төлемдер мен салықтар есебінен бюджет түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 

- «Электрондық сауда операторы» ұғымы бекітілді. Сонымен қатар, кедендік декларацияның жаңа түрі – электрондық сауда декларациясы енгізіліп отыр. Құжатта кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге арналған өзге де нормалар бар. Жалпы заң Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?