Мемлекет басшысы Әділет министрін қабылдады. Ерлан Сәрсембаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндады. Президентке нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырмалар берді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

