Парламент Сенатының құрамы тағы 6 депутатпен толықты. Депуттатық мандатқа Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының өкілдері ие болды. Дауыс беру нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы жариялады. Сайлауға 300-ден астам мәслихат депутаты қатысты. Алты мандатқа барлығы 12 кандидат үміткер болды.
Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Жаңадан құрылған 3 облыстың әрқайсысынан 1 мезгілде Парламент Сенатына 2 депутаттан сайлануда. Осылайша олардың біреуі 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне, екіншісі 2020 жылғы 12 тамызға сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне сайланды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Сенатының депутаттары алты жылға сайланады. Тиісті мандаттары ресми түрде 31 тамыз күні табысталады.