Қасым-Жомарт
Тоқаев «Лукойл»
компаниясының акционері Вагит Алекперовпен энергетика саласындағы бірлескен
жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған
жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді. Кездесуде
өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

