Қазақстан су саласында жұмыс істейтін мамандарды Франциямен бірге дайындамақ. Бұл мәселені, салалық ведомство басшысы Францияның елшісімен талқылады. Атап айтқанда, тараптар қазір жұмыс істеп жатқан «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы аясында әріптестікті нығайтпақ. Оған сәйкес, магистранттар мен докторанттар Францияда тегін оқуға мүмкіндік алады. Айта кетсек, бірлескен жобаларды талқылау үшін 2024 жылы Франциядан арнайы сарапшылар да келеді деп жоспарлануда.
Нұржан Нұржігітов, ҚР
Су ресурстары және ирригация министрі:
– Біз су саласында
жұмыс істейтін қазақстандық мамандарды даярлауда әріптестік орнатуға ниеттіміз.
Әрине оқытудың барлық түрлерін қарастырамыз. Оның ішінде, жоғары білім болсын,
ғылыми жұмыс, қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру да бар.