Астанада Қазақстан-Хорватия бизнес-форумы өтті

Астанада Қазақстан-Хорватия бизнес-форумы өтті

Еуропалық кәсіпкерлер Қазақстанмен қарым-қатынас көкжиегін кеңейтуге мүдделі. Себебі біздің елде қолайлы бизнес-климат қалыптасқан және қажетті ресурс бар. Астанада Қазақстан-Хорватия бизнес-форумы өтті. Ауқымды жиынға Орталық Еуропа елінен 20-дан астам бизнес өкілі қатысты. Олар ауыл шаруашылығы, қаржы, туризм, құрылыс, фармацевтика және білім саласының көшбасшылары. Екі мемлекеттің де әлеуеті зор. 2024 жылы Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауарайналым көлемі 280 миллион доллардан асқан. Оның 253 миллионы қазақстандық экспорт еншісінде. Жетістікті еселеу үшін барлық мүмкіндік бар. Хорватия – еліміз үшін Балқан түбегіндегі маңызды серіктес мемлекет. Қазақстан бұл нарыққа мұнай және мұнай өнімдерін жеткізеді. Енді энергетика саласындағы ынтымақтың келешегі зор.

Хрвоже Йеней, Хорватия Бизнес-деллегациясының мүшесі:

- «Біздің компания мұнай-газ саласына, оның ішінде барлау мен өндіруге қажетті химиялық өнімдермен айналысады. Бұл біз үшін байланыс орнатып, нарықты зерттеу үшін үлкен мүмкіндік. Әлеует бар. Қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен әріптестік орнатып, жергілікті компаниялар мен өндірушілерге қажетті қызметті ұсынушы ретінде өзімізді көрсеткіміз келеді».

Әлібек Қуантыров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- «Энергетика мен тасымалдау саласында екі жақты ынтымақтастық мәселелері қаралды. Хорватия тарабы қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдеріне қызығушылық танытып отыр. Бұл нарық мұнай, газ және тағы басқа өнімдерді экспорттауда тиімді болады. Осылайша бұл бағыттағы әлеуетіміз де жақсара түседі».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?