Қазақстан Президенті Бейбітшілік кеңесінің аға кеңесшісін қабылдады

Қазақстан Президенті Бейбітшілік кеңесінің аға кеңесшісін қабылдады

Қазақстан Президенті Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады. Мемлекет басшысы еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйым аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға бейіл екенін жеткізді. Кездесуде Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосуды көздейтін Қазақстан бастамалары талқыланды. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдау бағыттарын қамтиды. Арье Лайтстоун Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді. Бейбітшілік кеңесінің өкілі Қазақстанның осы және басқа да халықаралық ұйымдар жұмысына белсене қатысатынын жоғары бағалады. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық және Орта дәліз аясындағы ықпалдастық әлеуетін талқылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?