Аумақтық қорғаныс жүйесі жетілдіріледі. Ел Сенаты осы саладағы қоғамдық
қатынастарды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететін заңды мақұлдады. Онда осы
бағытқа жеке сала ретінде қаржыландыру көлемі қарастырылған. Сондай-ақ, аумақтық
әскери органдардың қағидаттары мен іс шаралары айқындалған. Тараптардың міндеттері
мен құзіреттері белгіленді. Құжат саланы мемлекеттік бақылау жүйесін де
жан-жақты реттейді. Арнайы заңда алғаш рет «Ерікті» және «Өзін-өзі қорғауды
қалыптастыру» сияқты ұғымдар енгізілді. Бұл аумақтық қорғанысты тиімді
ұйымдастыру үшін қажет. Яғни, Қорғаныс министрлігінің басқа мемлекеттік
органдармен және арнайы көлік кәсіпорындарымен әскери тасымалдауды ұйымдастыру,
жол қатынастарын техникалық жабу үшін өзара іс-әрекеті белгіленді.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
- Заңның қабылдануы бірнеше оң әлеуметтік әсер береді. Аумақтық қорғаныс
саласында орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі
артады. Еріктілердің жарақат алуы немесе басқа да жағдайларда өтемақы төлеу құқығы
қарастырылады. Еріктілердің тұрақты әскери құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
белгіленіп, азаматтарымыз елімізді қорғауға қажетті білім мен тәжірибе жинақтауға,
дағдыларды меңгеруге ұмтылады, патриоттық сана қалыптасады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

