Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері арасында бірлескен инжинирингтік хаб құрылмақ. Қазақстан Астанада ұйымның іскерлік кеңесінде осы мүмкіндікті қарастыруды ұсынды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов қауымдастықтың өзара алыс-берісі артып келетінін тілге тиек етті. Оның дерегінше, Қазақстанның қатысушы елдерімен тауарайналымы былтыр 66 млрд долларға жеткен. Бүгінгі таңда ел аумағында Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы елдері капиталының қатысуымен 29 мыңнан астам компания және 5 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2023 жылы әріптес елдер экономикамызға 4,6 млрд көлемінде инвестиция құйған. Бұл бағыттағы ынтымақтастық аясын кеңейту үшін Қазақстан инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған интерактивті карта әзірледі. Енді бірлестіктің бизнес өкілдерін осы платформаға қатысуға шақырады.
Райымбек Баталов, «Атамекен» ҰКП төрағасы:
- Инвестициялық карта деген қарапайым сөзбен айтқанда цифрлық шешім. Яғни,
әрбір инвесторға жеке кәбинет беріледі. Барлығы 4 кезеңді қамтиды. Атап айтсақ,
бастапқы тіркелу кезеңі және жобалық сметалық құжаттама мен оны жүзеге асыру
қарастырылған. Ең бастысы әр жобаға толық маниторинг жасалады. Орын алған
мәселелерді шешуде, соның ішінде - инвестициялық штаб арқылы жәрдем жасалады. Біз, бұл инвестициялық карта
арқылы түрлі мәселелердің түйінін тарқатамыз. Ең бастысы олар жылдам шешіледі.
Осының нәтижесінде тәуекелдердің қаупі төмендеп, инвестициялық жобалардың
жүзеге асуы жылдам жүреді.