Су тасқынының алдын алу шаралары талдануда

Нидерланды сарапшылары Қазақстанға су тасқынын болжау, жүйені әзірлеу мен жаңарту, сонымен қатар тәуекелдерді басқаруға көмектеседі. Мамандар қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, қызыл судың алдын алу және салдарын азайту үшін тиімді шешімдер әзірлеу мақсатында елімізге үшінші рет келді. Сарапшылар жер үсті гидрометеорологиялық станциялары барлық аумақты қамтымаған жағдайларда және ақпарат жеткіліксіз болған кезде спутниктік деректерді пайдалануды ұсынды. Бұл судың қозғалысын бақылап қана қоймай, шалғай аудандарда оның көлемін бағалауға көмек береді,- дейді сарапшылар. Нәтижесінде, бұл су ресурстарын болжау және басқару мүмкіндіктерін едәуір жақсартады. 

Фредрик Хутхофф, Төтенше жағдайларда тәуекелдерді азайту және қолдау жөніндегі голланд командасының жетекшісі: 

- Қазақстанда апаттың алдын алудың белгілі бір әдіс-тәсілдері бар, оларды облыстарға, шалғай аймақтарға кеңінен таратуға болады. Біз қазір осы мәселені қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар қазіргі ахуал туралы ақпараттың болуы және физикалық, гидрологиялық процестер туралы білімді пайдалануға көңіл бөлеміз.  Яғни, төтенше жағдайды ерте ескерту, дабылдарды қабылдау,  оларды талдау және салдарын азайтуға қолдануға болатын нақты шараларды пысықтаймыз.   

Ғалымжан Қамбарбеков, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының бас сарапшысы: 

- Қазіргі кезде бізге осы Нидерландық әріптестер біздің гидрологиялық жағдайды, біздің осы ахуалды қарастырып отырып бізге гидробекеттердің санын арттыруын және көбірек космос снимоктермен жұмыс жасауды жәнеде осы біздің аумағымыздың, Қазақстан Республикасы аумағында су жағдайының осыл тұстарын ескеріп, анықтап, анализ жасап, сараптама жасап бізге су тасқынынан қорғанудың, және де басқа мемлекеттермен, басқа да ұйымдармен және мемлекеттік мекемелердің арасындағы байланыстын, мәлімет-ақпарат алмасудың жеңіл түрлерін жеделдету, сондай шараларды қабылдауды ұсынды.  

Авторы: Әсел Күшенғалиева