Сауалнама: Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына жоғары қызығушылық танытуда

Сауалнама: Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына жоғары қызығушылық танытуда

Қазақстандықтардың 70%-дан астамы Құрылтай сайлауына қатысуды жоспарлап отыр. Бұған еліміздің барлық өңірлерінде өткізілген Еуразиялық интеграция институтының зерттеу нәтижелері дәлел. Әлеуметтік сауалнамаға 1600-ден астам адам қатысты. Зерттеу Құрылтайдағы сайлауға азаматтардың жоғары қызығушылығын көрсетті. Респонденттердің көпшілігі сайлау учаскелеріне келуге дайын екендерін мәлімдеді, ал 14% -ға жуығы әлі белгілі бір шешімге келмеген. Сайлауға қатысушылардың 62% «Әділет» партиясына дауыс беруге дайын. Одан кейінгі орындарда «Ауыл», Respublica және «Ақ жол» партияларының жақтастары. Сарапшылардың пікірінше, азаматтардың сайлауға қызығушылығы саяси партиялардың белсенді жұмысының арқасында арта түскен. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?