Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Отандасымыз Германияның Штутгарт қаласындағы Әйелдер теннис ассоциациясының
турнирінде топ жарды. Бұл бұрымды теннисші үшін мансабындағы 8-і және осы
маусымдағы 3-і ірі жеңісі. Әлемнің 4-і ракеткасы финалдық кездесуде украиналық
Марта Костюктан екі сетте де 6:2 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 9 минутқа
созылды. Қазақстанның бірінші ракеткасы ақтық ойында 6 брейк-пойнттың 4-ін
жүзеге асырды. Айта кетейік, жартылай финалда Рыбакина әлемнің бірінші
ракеткасы, Польшалық Ига Швентектен айласын асырған.