Қазақстан су тасқынының қауіпті кезеңінен өтті. Қазіргі сәтте Атырау облысында Жайық
өзеніндегі судың қауіпті деңгейінің сақталуына байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар
жалғасып жатыр. Жағалауларды нығайту бөгеттерінің бойында тәулік бойы
кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл ретте, су тасқыны жағдайы тұрақты аудандарында зардаптарды жою
жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Жалпы, Қазақстанның су тасқынынан
зардап шеккен өңірлерінде 60 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 26 651
отбасы 10 млрд теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды. 239 отбасы қираған
баспаналарының орнына пәтерлер мен үйлерге ие болды. 6 облыста зардап шеккен
азаматтарға арналған 794 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы зардап
шеккен өңірлердің әкімдері мен министрлер жетекшілік ететін бағыттар бойынша
тыңдалған үкіметтегі арнайы жұмыс кеңесі барысында белгілі болды. Министрлер
кабинетінің басшысы су тасқынының салдарын жою бойынша барлық процестерді
жеделдетуді және залалды есептеуге сапалы бағалау жүргізуді тапсырды