Қазақстанда егіс науқаны аяқталды

Қазақстанда егіс науқаны аяқталды

Қазақстанда егіс науқаны табысты аяқталды. Үкімет көктемгі дала жұмыстары  еліміздің барлық өңірлерінде белгіленген мерзімде жүргізілгенін мәлімдеді. Биыл жалпы егіс алқабы 24 млн гектарды құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен  180 мың гектарға артық. Президент тапсырмаларына сәйкес, биылғы егін егу науқанында жоғары табысты және стратегиялық маңызы бар дақылдарға басымдық берілді. Нәтижесінде дәнді, майлы және мал азықтық дақылдарға арналған алқаптар ұлғайтылды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары дәстүрлі түрде негізгі астық егетін өңірлер болып қалып отыр. Науқанның табысты өтуіне диқандарға мемлекеттік қолдау көрсету тың серпін берген.  Жер емген ел шаруаларын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Осы орайда егіс науқанын ерте қаржыландырудың жаңа тетігі енгізілді. Қаржы көзі аграрилерге тұқымдарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдары мен техниканы әлдеқайда тиімді бағамен алдын ала сатып алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар егістіктерге су үнемдеу технологияларын ендіру және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту ісі жалғасуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?