Астанада жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды

Астанада жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды

Бүгін Астанадағы Jastar X сұхбат алаңында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін қазақстандық сарапшылар мен жастар талқылады. Қатысушылар жаңа құжатта жас буын үшін маңызды тақырыптар - білім беру, ғылым, технологияны дамыту, сондай-ақ цифрлық құқықтар мен дербес деректерді қорғау қамтылғанын атап өтті. Кездесуде жастардың азаматтық белсенділігі мен елдің дамуына қосқан үлесі де сөз болды. Жас қазақстандықтар белсенділігімен ерекшеленеді және шешім қабылдауға қатысуға ұмтылады. Азаматтардың мұндай саналы ұстанымы мықты демократиялық институттар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Гүлісхан Нахбаева, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Жастар - Қазақстанның стратегиялық ресурсы. Олар мемлекеттің ұзақ мерзімді серіктесі болып табылады, олар бүгін ғана емес, ертең де, келесі жылдары да саяси үдерістердің осындай үлкен өзгерістеріне дауыс бере алады. Бүгінде біз елдегі түбегейлі өзгерістердің алдында тұрмыз. Біз, азаматтық қоғамның белсенді қатысушылары ретінде, жастар өкілі ретінде, өзгерістерді қолдауға дайынбыз. 00:08:01:21

Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Референдум не үшін өткізіледі? Шешім жабық есік жағдайында болмауы үшін, ол бүкілхалықтық болуы керек, әрбір адам оны саналы түрде қабылдауы керек. Себебі бұл конституция әр адам үшін маңызды, шын мәнінде ол біздің өмірімізге үлкен өзгеріс әкеледі. Сондықтан, менің ойымша, мұндай саяси науқандарда белсенділік таныту - жетілген азаматтық қоғамның шынайы көрінісі болып табылады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?