Астананың аффинаж зауытында АІ-шешімдер енгізіледі

Астананың аффинаж зауытында АІ-шешімдер енгізіледі

Қазақстандық кәсіпорындар өндірісте АІ-шешімдерді белсенді енгізуде. Айталық, жылына 50 тоннаға дейін алтын өңдейтін Қазақстандағы ең ірі аффинаж зауытында AI-технологиялар жабдықтың ақау пайда болу ықтималдығын алдын ала болжайды. Елордалық зауытта атап өткендей, бұл жөндеу шығындарын қысқартып, өндірістің тоқтап қалуына жол бермейді.

Зекаил Тюлюбаев, «Тау-Кен Алтын» ЖШС техникалық директоры:

- Бүгінгі таңда біз жабдықтарға алдын ала қызмет көрсету бойынша жасанды интеллект жобасын іске асырудамыз, Пилоттық жоба осы жылдың басында аяқталды, қазір біз осы жүйені өнеркәсіптік мақсатта толыққанды сатып алып, оны жыл соңына дейін орнатуды жоспарлап отырмыз.

Кәсіпорынның өндірістік қуатына да жаңа тәсілдер енгізілуде. Жаңа электролиз ванналары орнатылғаннан кейін зауыттың өнімділігі екі есеге артты. Ал электролиздің басты процестерін автоматтандыру - өндіріс параметрлерін нақты уақыт режимінде компьютерге салып, операторға барлық циклді адамның араласуынсыз бақылауға мүмкіндік береді.

Электрохимиялық процестер металды тазалаудың жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Зауытқа 40-тан астам отандық жеткізушіден шикізат келіп түседі, одан кейін қайта өңдеудің бірнеше кезеңінен өтіп, алтын 12 килограмдық банктік құймаға айналады.

Айгерім Әкімжанова, тілші:

- Менің артымда өндірістік процестің соңғы кезеңі өтіп жатыр, дәл осы жерде 99,99% таза алтын құймалар таңбаланып, өлшенеді. Кейін бағалы металл арнайы тасымал жабдықтарына салынып, елдің алтын-валюта резервтерін толықтыру үшін Қазақстан Ұлттық банкіне жіберіледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?