Қазақстан
мен Қытай жаңа инвестициялық жобаларды қолға алды. Қатты
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі
заманауи кәсіпорындар Ақтөбе, Атырау, Қарағанды
және елдің басқа да қалаларында пайда болады. Астана, Алматы және Шымкентте мұндай нысандардың құрылысы басталған. Еліміздің
Премьер-министрі China Tianying (Чайна Тианин) компаниясының басшылығымен бұдан
арғы экономикалық әріптестік перспективаларын талқылады. Ұйымның технологиялық
шешімдері озық еуропалық экологиялық стандарттарға сай
келеді, ал жинақтаған тәжірибесі 20
жылдан асады. Олжас Бектенов екі ел арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен
Қытай көшбасшыларының өзара тығыз іс-қимылының арқасында нығайып келе жатқанын
атап өтті. Бүгінде екіжақты әріптестік аясында 13 миллиард доллардан астам
сомаға 77 жоба іске асырылды, тағы 269 бастама перспективті портфельге енгізілді.

