Қ.Тоқаев Таиланд және Камбоджа Премьер-министрлерімен кездесулер өткізді

Қ.Тоқаев Таиланд және Камбоджа Премьер-министрлерімен кездесулер өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтуді талқылады. Кездесу Шанхайдағы Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференция аясында өтті. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетіне тоқталып, Таиландты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан. Аталған көрсеткішті аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Тараптар сондай-ақ цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тайланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен де кездесу өткізді. Тараптар тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимылды күшейту арқылы тауар айналымын ұлғайтуға ниетті. Сонымен қатар, еліміз цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Өз кезегінде камбоджалық тарап екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан Президентін өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға сапармен келуге шақырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?