Сарапшылар: ТМД ынтымақтастықты нығайтып келеді

Сарапшылар: ТМД ынтымақтастықты нығайтып келеді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының биылғы жетістіктерінің бірі - қызмет көрсету саласындағы еркін сауда аймағы туралы өзара жасасқан келісім. Халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылардың пікірі осыған саяды. Олардың пайымынша, бұдан өзге елдеріміз энергетика және химия өнеркәсібі салаларында бірлескен бағдарламалар құрған. Өзара халықаралық дәліздердің әлеуетін дамытуға қатысты логистикалық бағытта жоспарлар да бар. Сондай-ақ, Достастыққа қатысушы мемлекеттер басқа елдер және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға ниетті.  

Дмитрий Ланко, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті: 

- Әуелі биыл қызмет көрсету саласында сауда-саттық жөнінде келісім жасалғанын атап өту керек. Бұған дейін ТМД аясында тауарлар бойынша еркін сауда аймағы құрылды. Яғни ол өзара өнім алмасуға қатысты жасалды. Келісім жұмыс істеп тұрған жылдардың ішінде оның көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Жалпы соңғы жылдары біз ТМД елдеріндегі серіктестерімізбен алыс-берісті әлдеқайда көбейттік. Оларда өз кезегінде көбірек тауар ала бастады. Тауарлар мен қызметтер саудасы ілесе жүреді. Сондықтан біз қазір қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге ден қойдық. Бұл сауда-экономикалық байланыс. Сондай-ақ 2035 жылға дейінгі энергетика саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. 

Александр Кетов, Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің доценті: 

- Қазір бізге Иранмен серіктестік аясын арттыру тиімді. Иран Ислам республикасы ТМД елдерімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Шанхай Ынтымақтастық ұйымы сынды ірі бірлестіктермен әріптестік орнатуға мүделі. Қазірдің өзінде Ресей мен Иран арасындағы серіктестік нығайып келеді. Түркия сынды бұл Ислам мемлекетінің Орталық Азияға және Кавказ елдеріне қатысты өз қызығушылығы бар. Әрине Иран: ТМД елдерімен, оның аясындағы ұйымдармен ынтымақтастық құруға мүдделі. Бұл ретте жасаған қадамдары қарқын алып келеді. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?