Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған жаңа құрылымға энергетика министрлігінің уран өндіру, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру сынды қызметтер мен өкілеттіктер берілді. Ол тікелей еліміздің Президентіне бағынып, есеп береді. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік органның құрылуын Ұлттық Құрылтайдың 4-ші отырысында жариялады. Еңбек сіңірген энергетик Жақып Хайрушевтің айтуынша, бұл биліктің тәуелсіз энергетикалық жүйені құруға деген ниетін білдіреді.

Жақып Хайрушев, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры, ҚР еңбек сіңірген энергетик:


- Әдетте, мұндай ірі жобаларды іске асыру үшін көптеген елдер дәл осындай агенттіктер құрады. Ең алдымен құрылым халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жеделдете түседі. Өйткені әрбір атом электр стансасы МАГАТЭ-нің бақылауымен салынады. Яғни, құрылыс барысы мұқият тексеріледі. Сонымен қатар, оған қатысты жобалау және құрылыс үрдістерінде инвесторлармен әріптестік оңайланады. Себебі ол бір ведомство болады және тікелей Президентке бағынады.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?