Қазақстанда «Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы» өтті

Орталық Азия мемлекеттері Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесін ендіруге қызығушылық танытуда. Бұндай ниеттерін елордада арнайы бас қосқан өңірдің сала мамандары жеткізді. Астанада Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы өтті. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің 300 астам әлеуметтік кәсіпкерлері мен билік өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. Әлеуметтік бизнестің инновациялық тәсілдері және мемлекетік қолдау тетіктері әңгіме өзегіне айналды. Бұл ретте Қазақстанның өзгелермен бөлісетін тәжірибесі бар. Бүгінде елде түрлі бағытта 260 астам әлеуметтік кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді. Олардың құқықтары мен мүдделері заңмен қорғалады. Былтыр арнайы құжат күшіне енді. Онда әлеуметтік кәсіпкерлерді бірқатар қолдау тетігі қамтылған. Аймақта бұндай заңды Қазақстан бірінші болып қабылдағанын айта кеткен жөн.   

Эмин Әскеров, ҚР Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті:
-
9 қолдау тетігі қарастырылған. Салықтық жеңілдіктер, әлеуметтік бизнеске арнайы орындар бөлу, осы бағыттағы жобаларға ақпараттық қолдау көрсету, өнімдерін өткізуге демеу жасау, оқыту, тәжірибе алмасуға қатысты түрлі акселерациялық бағдарламалар, шағын несие рәсімдеу. Келесі жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі әкімдік тарапынан бөлінетін барлық гранттарды әлеуметтік кәсіпкерлерге бағыттауды көздеп отыр.

Қундузбек Сулайманов, Қырғыз Республикасының жоғарғы кеңесінің депутаты:
-
Бұл жерге келген басты мақсатыымыз әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға қатысты мағұлмат алу. Бұл мәселе Орталық Азия дееңгейінде көтеріліп жатқаны дұрыс. Бізде қазір осы бағытта арнайы заң жобасы әзірленді, енді оған толықтырулар еңгізіп жатырмыз. Құрылтайда бұл тақырыпта біршама қызықты ойлар айтылды. Енді мен елге барған кезде жиында көтерілген барлық тың идеяларды жинақтап парламентте ұсынамын.