Қ.Тоқаев Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады

Қ.Тоқаев Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы туралы есебін тыңдады. Алтын-валюта резерві былтыр рекордтық деңгейге жетіп, 65 жарым млрд долларды құрады. Ұлттық қордың валюталық активтері де 5 млрд долларға өсіп, 64 млрд долларға жетті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру және цифрлық жобаларды дамыту жайында айтылды. Өткен жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим қолданысқа еніп, нақты активтерді токендеу, ақшаға байланған стейблкоиндер шығару, криптопровайдер арналарын ұйымдастыру сияқты 30 астам пилоттық жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Қазақстан өңірдегі алғашқы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске қосты. Бұл қауіпсіз биометрия, банкаралық есеп айырысуларды жүргізу, қаржылық ақпарат алмасу жүйесі, цифрлық теңге, алаяқтықтан қорғау және заманауи цифрлық сервистер секілді тетіктерді біріктіреді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?