Сарапшылар «Балқаш» АЭС қауіпсіздігінің озық технологиялары туралы

Сарапшылар «Балқаш» АЭС қауіпсіздігінің озық технологиялары туралы

Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасының негізгі жобалық шешімдері айқындалды. Нысанды Балқаш маңында АЭС-2006 жобасы негізінде салу жоспарлануда.  Ол 1200 су-су энергетикалық реакторлары бар екі энергоблоктан тұрады.  Ұлттық ядролық орталықта атап өткендей бұл технология қауіпсіздік деңгейі жоғары 3 + буынына жатады. Реакторда белсенді және пассивті қорғаныс жүйелері, қос герметикалық қабықша және ауыр апат болған жағдайда балқыманы оқшаулау құрылғысы көзделген.


Денис Зарва, ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас инженерінің орынбасары:


- Біз қазақстанда АЭС салу үшін 3 + буынды реакторын таңддық. Яғни, бұл қазіргі уақытта атом машинасын жасау саласындағы ең озық деген жетістіктердің бірі.  Реактор елімізді электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етіп, қауіпсіздікке қойылатын барлық талаптарға толық сай болады. Яғни, ол ВВР желісін пайдаланудың барлық алдыңғы тәжірибесін ескереді, барлық қажетті қорғаныс шараларын қамтиды. Фукусимнен кейінгі талаптарды ескереді, қауіпсіздік жөніндегі талаптарды толық көлемде қанағаттандырады.

Асуан Сиябеков, «КАЭС» ЖШС энергетика тобының жетекші инженері:


- Қазіргі заманғы атом станциялары экологияға ешқандай зиян келтірмейді. Яғни, қауіпсіз деуге болады. Өйткені бұл озық үлгідегі жаңа буын технологиясы. Оны үш плюс реактор деп атайды. Мұнда қорғаныш қабықшасы бар, қорғаныс отынның өзінен басталады. Отын қауіпсіздігі бірнеше деңгейден тұрады.  Мәселен, егер қандай да бір сейсмологиялық қозғалыс болған жағдайда реактордың өзі бірден жұмысын тоқтатады. Ол тек жоспарлы тексеріс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана қайта қызметін  жалғастыру үшін іске қосылады.


АЭС құрылысы 10 мыңға жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Әңгіме инженерлік-іздестіру жұмыстарын қамтитын бірінші кезең туралы ғана болып отыр. Ол шамамен екі жыл уақытты алмақ. Мамандардың пікірінше стансаның құрылысын жүргізу кезеңінде де және оны пайдалану барысында да қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін алаңның табиғи және климаттық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Бұдан соң неігзігі нысанды жобалау кезеңі басталады. Оғанда шамамен екі жылға жуық уақыт кетуі мүмкін. Содан кейін ғана құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отыр. Ал станция пайдалануға берілгеннен кейін екі мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. Нысанды 2034 жылға дейін тапсыру жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?