Мемлекет басшысына Премьер-министрдің орынбасары Қанат
Бозымбаев Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу жөнінде баяндады. Бұл облыстар
арасындағы және аймақ ішіндегі инфрақұрылымға қол жеткізу барысында байқалатын
теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік
береді. Бұл үшін республикада Өңірлік саясат жөніндегі
жобалық офис құрылды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа энергетикалық және
коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы жөнінде
ақпарат берілді. 86 мың шақырым коммуналдық желінің құрылысы мен жаңғырту
жұмыстарына отандық тауар өндірушілер тартылады. Президент өңірлерді теңгерімді
дамытудың маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма
берді.

