Жаңа
Конституцияда арнайы экономикалық және инвестициялық аймақтарға қатысты негізгі
өзгерістердің бекітілуі инвесторлардың сенімін арттырып, экономикалық өсімге
серпін береді. Алатау қаласын жобалау жөніндегі бас кеңесші Вонг Хэнг Файн осындай
пікір білдірді. Оның айтуынша, әлем елдері арасындағы инвестицияға талас
күшейген шақта Конституцияның жаңа жобасы бизнеске ұзақмерзімді қаржы салудың
ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Вонг Хэнг Файн инвесторлардың
басым көпшілігі мұндай өзгерістерді оң бағалағанын айтады.
Вонг Хэнг Файн,
Алатау қаласын жобалау жөніндегі бас кеңесшісі:
- Арнайы
экономикалық режимдерді Конституцияда бекіту жүйені болжамды әрі тұрақты етеді.
Инвесторлар сенімділікті қалайды, өйткені олардың басым бөлігі инвестицияны
ұзақ мерзімге салады. Олар елдегі күтпеген өзгерістерді ұнатпайды, сондықтан
арнайы экономикалық аймақтарды Ата заңға енгізу қажетті деңгейде ашықтық пен
тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстанға инвесторларды тартуға мүмкіндік
береді.

