Қазақстанда барлық арнайы экономикалық аймақ жұмысы 2049 жылға дейін ұзартылады. Арнайы экономикалық аймақтардың бірыңғай жұмыс істеу мерзімі олардың ұзақ мерзімді инвестициялық тартымдылығына ықпал етеді және олардың шеңберінде жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамыту үшін тұрақты жағдай жасайды. Бұл туралы Үкіметте айылды.
Айта кетейік, өндірісті инфрақұрылымға кеңінен қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін республикада арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі жетілдірілуде.
Мәселен, 1 қаңтардан бастап аймақ қатысушыларына преференциялар беру инвестицияларға байланысты «салымдар неғұрлым көп болса, жеңілдіктер де сонша» қағидаты бойынша сараланып жүргізіледі. Мұндай тәсіл капиталды көп қажет ететін, қосылған құны жоғары инновациялық өндірістерді тартуды ынталандырады.