V Ұлттық Құрылтайда
Қазақстан Президенті жариялаған реформалар әлемдік бұқаралық ақпарат
құралдарында кең талқыланды. Шетелдік басылымдар елдің саяси трансформациясының
негіздері мен өзектілігін талдады. Айталық, америкалық TimesCA басылымының
ақпаратына зер салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған институционалдық өзгерістер
2022 жылғы конституциялық түзетулерге негізделген және Парламенттің рөлін
күшейтуге бағытталған.
Францияның RFI
агенттігі Қазақстанда жоспарланған реформалардың көлемін жаңа Конституция
қабылдау ісімен салыстыруға болатынын жазды. Сондай-ақ, мақалада жаңа парламентке
ұсынылған «Құрылтай» атауының символдық мәні тарқатылған. Бұл елдік дәстүрге
құрмет белгісі.
Италиялық Agenzia
Nova алдағы өзгерістердегі Конституциялық комиссияның рөліне тоқталған, ол
ұсыныстарды жүйелеп елдің негізгі заңнамасына түзетулер әзірлеумен айналысады. Тек
содан кейін ғана референдум өткізу мерзімі анықталатын болады.
Өз кезегінде, түрік
басылымы Anadolu Қазақстандағы реформалар бұған дейін бастау алған саяси
құрылымды түйіндеп, парламенттің тиімділігі мен партиялардың жауапкершілігін
арттыруға бағытталғанын атап өтті.

