Қазақстан мен Грузия цифрлық шешімдер бағытында тәжірибе
алмасады. Қос тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат өзара
тәжірибе алмасумен қатар, электронды мемлекеттік қызметтерді дамытуды,
мемлекеттік жүйелерге жасанды интеллект енгізуді, сондай-ақ халыққа қызмет
көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруді көздейді. Айта кетейік, бүгінде елімізде
мемлекеттік қызметтердің 90% жуығы онлайн режимінде қолжетімді. 2025-ші жылдан
бері халыққа 51 млн астам цифрлық қызмет көрсетілді. eGov жүйесінде 220-дан
астам электрондық сервис жұмыс істейді.
Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» басқарма төрағасы:
- Грузиялық әріптерстерімен меморандумға қол қою,
мемлекеттік қызметтерді дамыту жолындағы маңызды қадам. Біз үшін мұндай жұмыс
сапарымен серіктестік ерекше маңызды. Олар басқа елдің озық тәжірибесін
зерделеуге, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіруде және жаңа
шешімдер еңгізуге мүмкіндік береді.

