Сарапшы: Қазақстан халықаралық аренадағы орнын нығайтуда

Сарапшы: Қазақстан халықаралық аренадағы орнын нығайтуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтумен қатар, бүкіл Орталық Азия өңірінің беделін асыруға дәнекер болып жүрген білікті саясаткер. Француз саясаттанушысы Эммануэль Дюпьи осындай пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, Мемлекет басшысы биыл күзде Бейжіңде, Вашингтонда және Мәскеуде үш әлемдік көшбасшымен кездесу өткізді. Бұл сапарлар елдің сыртқы саясатының жаңа архитектурасын қалыптастырады. Эммануэль Дюпьи Қазақстан жалпы өңірдің интеграциясы мен дамуының қозғаушы күшіне айналған көшбасшы ел екенін айтады.

Эммануэль Дюпьи, Еуропадағы болашақ пен қауіпсіздік институтының директоры /Франция/:

- Қазақстан Президентінің үш бірдей әлемдік көшбасшымен кездесуі үлкен рөл атқарады. Оның үстіне, Дональд Трамппен жемісті келіссөздер жүргізу және Авраам келісімдеріне қосылу Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Содан кейін Мәскеуде маңызды келісімдер болды. Президент Тоқаев елдің беделі мен брендінің маңыздылығын жақсы түсінеді. Әңгіме, әрине, өркениеттер, мәдениеттер арасындағы көпірлер, білім беру және сауда мен логистика туралы да болып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?