Қазақстан Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың былтырғы жұмыс есебін
тыңдады. Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі жөнінде мәлімет
берілді. Министр цифрлық технологияларды енгізу, қорғаныс инфрақұрылымын
жетілдіру шаралары туралы баяндады. Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп
орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынылды.
Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру,
әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

