Үкіметте жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар қаралды

Үкіметте жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар қаралды

Ата заң – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Үкімет отырысында Премьер-Министрі осылай деп мәлімдеді.  Жиында 1 шілдеден бастап күшіне енген Жаңа Конституцияны сапалы жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Олжас Бектенов еліміздің одан әрі дамуы үшін Негізгі заңның ерекше маңызына тоқталып, барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталғанын атап өтті. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жаппай қолдайтынын анық көрсетті. Жаңа Конституция экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтін озық әрі қарқынды дамудың берік институционалдық негізін қалыптастырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?