Сарапшы: АІ саласына халықаралық стандарттар қажет

Сарапшы: АІ саласына халықаралық стандарттар қажет

Жасанды интеллект бүгінде көптеген салаларға белсенді түрде ендірілуде. Бұл қатарда көлік, медицина, денсаулық сақтау және бизнес бар. Осыған орай AI саласында тұрақты және тиімді талаптарды әзірлеу мәселесі барған сайын өзекті болып келеді. Арнамызға берген сұхбатында Халықаралық электротехникалық комиссияның коммуникациялар жөніндегі директоры Джеймс Вуд осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде саладағы халықаралық стандарттар бірінші кезекте технологиялардың қауіпсіздігін, сондай-ақ түрлі жүйелердің үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Алайда, қазір бұл жеткіліксіз. Сондықтан сарапшы жасанды интеллектті дамыту жаңа тәсілді талап ететінін, стандарттар тек техникалық талаптарды ғана емес, технологиялардың адамдарға әсерін де ескеруі тиіс екенін атады. Өйткені АІ шешімдер қоғам қажеттілігіне айналып келеді.

Джеймс Вуд, Халықаралық электротехникалық комиссияның коммуникациялар жөніндегі директоры:

– Қазақстан жасанды интеллект өзімен бірге тың мүмкіндіктермен қатар сын-қатерлер алып келетінін жақсы түсінеді. Бұл ең бастысы. Бізде стандарттарды, оның ішінде сын-қатерлерге жауап беретін AI талаптарын әзірлеуді қамтамасыз етуге нақты мүмкіндік бар. Біздің қатысушылармен ұлттық және техникалық комитеттер арқылы ынтымақтаса отырып, саладағы стандарттарды қалыптастыра аламыз.  Мұндай тың тәсіл әлемде жылдам дамып келетін AI-шешімдерімен тиімді жұмыс істеу үшін қолданылатын халықаралық талаптар мен ережелерді жасауға көмектеседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?