Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 26 мыңнан астам отбасына бір реттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл туралы Премьер-Министр Президентке есебінде айтты. Олжас Бектеновтің мәліметі бойынша қазіргі кезде 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған. Баспаналары қираған 239 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанды. Сонымен қатар өңірлерде 873 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу механизмдері анықталып, тиісті жұмыстар басталып кетті.