Сәтпаевта қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің бұрын
белгісіз болған қолжазбалары ұсынылды. Қалада республикалық ғылыми-тәжірибиелік
конференция өтті. Айта кетейік, биыл Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл
толады. Ұлытау облысында да, бүкіл ел бойынша да атақты қазақ ақыны мен
жазушысының шығармашылық мұрасын зерделеу мен насихаттауға арналған түрлі
іс-шаралар өтуде.
Серік Оспанов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Сәкентанушы:
- Жалпы Сәкенге арнап үш кітап жаздық. Мен өзім өнер адамы болған соң, Сәкеннің музыкалық мұрасын зерттеп, 15 әннің нотасын түсіріп, алтын қордан іздеп, халық арасынан әндерін тауып, басы бүтін сәкеннің 14 әнін нотаға түсіріп шығардық.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

