Қазақстандық Edtech-CodiРlay жобасы Түркия мектептерінде енгізілуде

Қазақстандық Edtech-стартап CodiPlay географияcын кеңейтуде. Отандық мамандар әзірлеген жоба енді Түркия мектептерінде енгізілуде. Бірегей платформаны жыл соңына дейін 100 түрік оқу орнында орнату жоспарланып отыр. Айта кетерлік жайт, осы елдің бірнеше беделді білім беру мекемелерінің оқушылары компанияның озық әзірлемелерінің арқасында бағдарламалау негіздері мен робототехниканы балаларға қолжетімді ойын түрінде енгізе бастады. Стартаптың негізін қалаушы Жаңаділ Талдыбаевтың пікірінше, дәл осындай тәсіл балаларда ерте жастан инженерлік ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңаділ Талдыбаев, СodiРlay негізін қалаушы:

- Түркия біздің әзірлемені енгізген 13-ші мемлекет. Сондай-ақ, біз Африканың екі еліне, нақтыласам, Ангола мен Зимбабвеге барамыз. Біздің бағдарламамызды БҰҰ сандық қоғамдық игілік ретінде таныды. Бұдан басқа, Codiplay білім беру бағдарламасын Біріккен ұлттар ұйымы жалпыға бірдей қолжетімді цифрлық тауар ретінде мақұлдады.

Айта кетейік, осындай стартап құру идеясы Жаңаділге Оңтүстік Кореяда оқып жүрген кезінде келген. Бастапқыда медициналық туризм саласында жоба әзірлейді, артынша кадрлардың жетіспеушілігі проблемасына тап болады. Жастайынан айти-мамандарды өсіру және Edtech-стартап құру идеясы міне осы тұста пайда болады. «CodiPlay» кәріс елінің білім нарығына небәрі бір жыл бұрын кірді, бірақ қазірдің өзінде танымал және сұранысқа ие.

Moonjo Choi, СodiРlay операциялық директоры:

- Қазір біз AI (жасанды интеллект) деп аталатын үлкен ағымда тұрмыз. Сондықтан, сандық дағды қалыптастыру барған сайын маңызды болып жатыр. Корея Республикасында оларды жақсарту үшін көп күш-жігер жұмсалады. Бүкіл әлем бойынша көптеген елдер осындай пікірді ұстанады. Қазақстанмен бірлесіп, балаларды цифрлық дағдыларға үйрету және IT-білім беру проблемаларын шешу үшін CodiPlay өнімін жасаудамыз

Бүгінде «CodiPlay» жүйесі бойынша бағдарламалау тілін 15 елде миллионнан астам бала оқиды. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Индонезия, Ұлыбритания, Катар, Сауд Арабиясы және БАӘ бар.