«С5 + 1» Орталық Азия мен Жапония ынтымақтастығын нығайтады

«С5 + 1» Орталық Азия мен Жапония ынтымақтастығын нығайтады

Қазақстан мен Жапония қатынасы екіжақты әріптестікпен шектелген емес. Күншығыс елі мен Қазақстан тарапы Орталық Азия үшін «С5+1» форматын 2004 жылы ұсынған. Ал қазір мұндай форматта он бір кездесу орын алды. «Орталық Азия қосу Жапония» кездесуі мемлекет басшылары деңгейінде өтуі – тарихи оқиға дейді саясаттанушылар. Мұндай саммиттер өңірдің экономикалық және өнеркәсіптік байланысын нығайтып, жаңа сауда-саттық бағыттарын ашады. Туризм мен мәдени алмасу бағыттарында да оң өзгерістерге жол ашылады.

Асыл Төлеубеков, MNU қауымдастырылған профессоры:

- Қазақстан, жалпы Орталық Азия әлем елдері үшін экономикалық тұрғыдан өте тартымды өңірге айналды. Неліктен? Себебі бүгінде біздің өте ықпалды көршіміз Қытай континентальды сауда жолдарын дамытып, Қиыр Шығыс, Қытай, Жапония, Корея, Оңтүстік-Шығыс Азияны Еуропамен және одан әрідегі америкалық нарықпен байланыстырды. Біздің еліміз көптеген халықаралық қатынастарда шешуші геосаяси рөл атқарады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?